amin.kz/ 27 сәуір, 2020 жыл. Карантин жағдайындағы Атырауда қайырымдылық істер жалғасуда.
Орталық «Иманғали» мешіті жанынан құрылған «Ықыласты бауырлар» еріктілері блок посттарда тұрған полиция қызметкерлеріне, әскерилерге, қала тазалығы үшін еңбек етіп жүрген азаматтарға ыстық тағам таратты.
«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы карантин жағдайындағы Рамазан айында ізгілік істер жолында көбірек жұмылу» туралы айтқан еді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі бағыты да қайырымдылық. Қазіргідей төтенше жағдайда біз біріге түсуіміз керек» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.