Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Дәстүр мен дін тағылымы» атты жастар жиынына қатысып, мазмұнды насихат айтты.
Шара барысында бас имам халқымыздың салт-дәстүрі мен ислам құндылықтарының өзара сабақтастығына тоқталып, жастарды ұлттық болмыс пен діни тәрбиені қатар ұстануға шақырды. Сонымен бірге жас буынға рухани кемелденудің жолдары, қоғамдағы жауапкершілік, ата-анаға құрмет және өзара ізгілік жөнінде тағылымды ойлар айтты.
Сонымен бірге жиынға теолог сарапшы мамандар мен аналар ұйымының өкілдері қатысып, өз бағыттары бойынша пайдалы пікірлер білдірді.
Кездесу соңында қатысушылар бас имамға сұрақтар қойып, тәрбиелік мәні зор жиын жастар үшін мазмұнды әрі тағылымды болғанын атап өтті.















