АТЫРАУДЫҢ БАС МЕШІТІНДЕ КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС

Бүгін қасиетті жұма күні өңірдің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы “Иманғали” орталық мешітіне жаңа наиб имам мен ұстаз тағайындалғанын хабарлады.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Муслимов Қанағат Қалыбайұлы “Иманғали” орталық мешітіне наиб имам, Урумбаев Арман Амангелдіұлы орталық мешіттің ұстазы қызметіне тағайындалсын,-деген бұйырығын оқыды. Айта кетейік екі имам да жергілікті Атырау өңірінің тумасы. Жоғары білімді азаматтар.

Сондай-ақ ҚМДБ жанындағы жастар ісі секторының жауапты өкілі болып Райкулов Амантай Бауыржанұлы тағайындалды.

Болатбек Ұласқанұлы жаңадан тағайындалған имамдардың қызметіне сәттілік тілеп, жауапты қызметтер тапсырды.

Муслимов Қанағат Қалыбайұлы – 1995 жылы дүниеге келген.

2001-2012 жылдары аралығында Ғани Мұратбаев орта мектебінде тәлім алды.

2012-2016 жж Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультеті география мамандығын тәмәмдаған

2016-2020 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін Исламтану мамандығы бойынша үздік бітірген;

Қызмет жолын 2020-2022 жылдар Атырау қаласы «Ат-тақуа» мешітінің наиб имам болып бастады;

2022 жылдан бастап Атырау қаласы «Ат-тақуа» мешітінің бас имам қызметінде болды;

Урумбаев Арман Амангелдіұлы – 1985 жылы дүниеге келген.

2010 жылы ҚМДБ-ға қарасты «Орал» медресесіне түсіп, оны 2014 жылы бастауыш білім беру мамандығы бойынша бітірді.

2017-2020ж.ж. Түркия мемлекеті, Стамбул каласы, «Сабахатин Зайн» атындағы халықаралык университетін, «Дінтану» мамандығы тәмамдаған.

2019-2024 жж. РФ, Қазан каласы, «Россиялық Ислам Университеті», «Теология» мамандығы тәмамдаған (сыртай бітірген).

2020-2024жж. Түркия мемлекеті, Денизлі қаласы, «Хасекей» академиясын, «Теология» мамандығы тәмамдаған.

Қызмет жолын 2015-2018 жылдары Атырау облысы, Атырау қаласында Иманғали» орталық мешітінде наиб имам қызметінен бастаған;

2024 жылдан бастап Атырау облысы, Атырау қаласында «Құспан молла» мешітінің наиб имамы қызметінде болды.

Райкулов Амантай Бауыржанұлы – 1999 жылы дүниеге келген.

2014-2018 жылдары Атырау қаласындағы «Саламат Мұқашев» атындағы колледжін тәмәмдаған;

2019-2021 жылдары «Сафи Өтебаев» атындағы Атырау мұнай және газ университетін үздік тәмәмдаған.

Жаңадан тағайындалған жас маманадарға ақсақалдар мен жамағат батасын беріп, сәттілік тіледі