Атыраулық делегация елордада өтіп жатқан VIII съезге қатысуда

Елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне атыраулық делегация да қатысуда. Делегация құрамында Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Рахметұлы және Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аға оқытушысы, тарихшы-дінтанушы Ернар Абзалұлы бар.

Биылғы форумның тақырыбы – «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия». Съезге әлемнің 60-тан астам елінен 100-ден аса делегация, оның ішінде түрлі діндер мен халықаралық ұйымдардың беделді өкілдері қатысуда.