Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Қарттар күніне орай өңірдегі зиялы қауым өкілдері мен мешіт жанындағы «Аталар мектебі» өкілдерімен жүздесті.
Кездесуде бас имам ақсақалдарды атаулы мерекемен құттықтап, олардың қоғамдағы, сондай-ақ мешіт өміріндегі айрықша орнына тоқталды.
«Қадірлі ақсақалдар! Сіздерді Қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Алланың елшісі ﷺ хадистерінде үлкендерді құрметтеу – иманның белгісі екенін айтқан. «Үлкенге ізет, кішіге құрмет» деген халық даналығы да біздің асыл дәстүрімізбен ұштасып жатыр.
Сіздер мешіттерімізде имамдарымыздың жанынан табылып, жастарға бағыт-бағдар беріп, дініміздің өркендеуіне қолдау көрсетіп келесіздер. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе әрі қуаныш.
Жаратушы Иеміз әрбір қадамдарыңызға сауап жазып, дендеріңізге саулық, ғұмырларыңызға береке берсін! Біздер сіздердің ақ баталарыңызды алып, ұлағатты сөздеріңізден тағылым үйреніп келеміз. Ұрпаққа дұрыс тәрбие беру жолында атқарып жүрген еңбектеріңізге Алла разы болсын!» деп ізгі лебізін білдірі.
Сондай-ақ бас имам өңірдің құртметті азаматтары мемлекеттік қызмет пен руханият саласында еңбек еткен Ақмырза Батырхайыров, Мұрат Сақтайұлы, Төкен Танаұлы, Есен Тасқынбаев сынды ақсақалдарға арнайы барып сый-сыяпат жасады.
Кездесу соңында ақсақалдар елдің амандығы мен бірлігі үшін ақ баталар жасалды.










