Жеңіс күнінің 80 жылдығына орай, өңірдің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы тыл ардагерлері Сатыбалдиев Төреш пен Александра Багдиевнаның шаңырағына арнайы барып, зиярат етті. Қариялардың хал-жағдайын сұрап, елге сіңірген еңбектері үшін алғыс білдіріп, Құран бағыштады.
Зиярат барысында бас имам:
«Сіздердің соғыс жылдарындағы жанқиярлық еңбектеріңіз – бүгінгі бейбіт өміріміздің іргетасы. Алла тағала бұл амалды қабыл етіп, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға береке берсін. Сіздерге қарап біз ұрпақ тәрбиелейміз, елге қызмет етеміз», – деп жүрекжарды лебізін жеткізді.
Игі шара барысында бас имам ардагерлерге естелік сый-сияпаттар тарту етті. Ардагерлер бата беріп, бас имам бастаған дін қызметкерлеріне ризашылығын білдірді



