Бас мүфти Ресей мұсылмандарының Құрылтайына қатысты

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мәскеудің Мұнаралы мешітінде өткен Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының VIII Құрылтайына құрметті қонақ ретінде қатысты.

ҚМДБ Төрағасы Құрылтайда алдағы бес жылға Ресей мүфтиі болып қайта сайланған Равиль Ғайнутдинді құттықтап, арнайы баяндама жасады.

«Сізді өз атымнан және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан РФ мұсылмандары діни басқармасының және Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы болып сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Өзіңізбен әріптес болған көп жыл ішінде Қазақстан мен Ресейдің Діни басқармалары тығыз байланыста болып, игі істерді бірге атқарып келеді. Бұл рухани байланыс әлі де жалғасын табатынына кәміл сенімдімін. Жауапты әрі сауапты қызметіңізге сәттілік пен береке тілеймін. Алла жар болсын» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, аталмыш Құрылтайдан кейін ХХ Халықаралық мұсылман форумы басталды.