Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі, ұстаз Қуаныш Әбішев Атырау облысына жұмыс сапарымен келді.
Сапар аясында ұстаз Қуаныш Әбішев орталық «Иманғали» мешіті жанындағы amin.kz студиясында сұхбат берді.
Дін мен дәстүр тақырыбын қамтыған сұхбат барысында ұстаз Қуаныш Әбішев зайырлы мемлекет ретінде қоғамнан діннің бөлінуі мүмкін еместігін атап өтті.
«Дін мен дәстүрдің ажырамас құндылықтар екенін жақсы білуіміз керек. Себебі дін де, дәстүр де – қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуші, олар бір-бірін толықтырып отыратындығын білікті дінтанушылар тарапынан әрдайым айтылып келеді. Тіпті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан да бірнеше жыл бұрын «Дін мен дәстүр» кітабы да жарық көрді» деп атап өтті ол.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі