Атырауда «Мәулімберген» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Қайырымдылық шарасы аясында 25 отбасына азық-түлік және көкөністер пакеті табыс етілді.

Шара негізінен көп балалы отбасыларды қамтыды.

«Ізгілік шаралары мұсылман бауырларды одан әрі ұйыстыра түседі. Мақсатымыз қайырымдылық шаралары арқылы, аятқа амал жасау. Әрі әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтарға қолдау көрсету» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.