Атырауда орталық мешітте қайырымдылық шарасы өтті (+ ФОТО)

Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесінің ұйымдастыруымен ізгі шара болып өтті.

Көп балалы отбасылар қамтылған шарада 16 шаңыраққа құрбан малының еті табыс етілді.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің» деген тамаша сөз бар. Мұндай ізгі шаралар жүректерді жұмсартады. Біздің мақсатымыз мешітті берекелі істердің ордасына айналдыру» дейді ұйымдастырушылар.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.