Атырауда «Мәулімберген» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Атырауда Тасқала ауылына қарасты «Мәулімберген» мешітінде қайырымдылық шарасы өтіп, он отбасына азық-түлік таратылды.

«Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжановтың айтуынша, қайырымдылық бағытындағы шаралар айына кеміне бір – екі мәрте ұйымдастырылып отырады.

Көктем айы тұтас еліміз үшін оңай болып жатқан жоқ. Тасқын салдарынан қиын жағдайлар орын алды. Бөгет бекіту, жаға нығайту жұмыстарына біз де атсалыстық. Осындай қиын кезеңде мұқтаж отбасыларға аз да болса қолғабыс ету сауапты амал» деді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.