Берекелі Миғраж кеші қарсаңында қайырымдылық шарасы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы өкілдігіне қарасты Зекет және қайырымдылық қорының бастамасымен, Жылыой аудандық мешітінің ұйымдастыруымен берекелі Миғраж кеші қарсаңында қайырымдылық шарасы өтті.

Шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен 17 отбасыға азық-түлік және тұрмыстық қажеттіліктерден тұратын қайырымдылық көмектер таратылды. Игі іс аясында ауданның бас имамы Думан Мұратұлы жиналған жамағатқа насихат айтып, Миғраж түнінің мәні мен мұсылман баласы үшін маңызын түсіндірді.

Шара соңында мұқтаж жандар көрсетілген қолдау үшін алғыстарын білдіріп, елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.