amin.kz/ 18 сәуір, 2020 жыл. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елордада бастау алған «Қайырымдылық керуені» акциясы Атырауда жалғасын табуда.
Аталмыш ізгілік акциясы аясында Мақат ауданына қарасты Доссор мешітінде он отбасына азық-түлік таратылды.
«Акция барысында ауылымыздағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қамтуға тырыстық. Алла разылығы үшін жасап жатқан игі амалдарымыз әлі де жалғасады. Біз біргеміз» дейді Доссор мұсылмандар мешітінің имамы Елдос Оташбаев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.