Атырау облысының Бас имамы Рамазан айында берілетін садақа түрлері туралы айтты

amin.kz/ 17 сәуір, 2020 жыл. Мұсылман әлемі үшін қасиетті саналатын Рамазан айында үш түрлі садақа беріп, сауап жинауға болады.

“Пітір садақаның мөлшері 370 теңге. Кімде кім одан да жоғары садақа бергісі келсе, әр отбасындағы бір адам басына 3920 теңгеден, яғни, мейіз құнын басшылыққа алу арқылы немесе 9400 теңгеден құрма бағасын негізге алып пітір беруіне болады.

Сонымен бірге, фидия садақасы да бар. Қарттық кірген кісілер, ораза ұстай алмайтындар әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға садақа бере алады. Мұндайда асханалардағы таңғы және кешкі астың құны есепке алынады.

Яғни, фидияны күніне 1700 теңге көлемінде садақа ретінде беруге болады. Немесе бір адамды тамақтандыруына рұқсат.

Бұдан бөлек, бір жыл бойы 1 миллион 170 мың теңге көлеміндегі ақшасы өзінде жұмсалмай тұрған адам, осы қаражаттың 2,5 пайызын зекет етіп бере алады” деп нақтылады Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Еске сала кетелік, ораза 24 сәуірде басталады. Ораза айт меркесінің алғашқы күні 24 мамырға келіп отыр.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.