Рамазан: пітір садақаны онлайн режимде беруге болады

amin.kz/ 17 сәуір, 2020 жыл. Елімізде орын алып жатқан төтенше жағдайға байланысты, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан кезінде пітір садақа беру мәселесін оңтайландырып қойды. Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс, дені сау мұсылман баласына ораза ұстау парыз. Сол секілді пітір садақа беру – уәжіп. Биыл пітір садақа екі келі ұнның бағасымен есептелініп отыр. Бұл – 370 теңге.


«Қазіргі таңда өкінішке орай, мешіттеріміз жабық. Сондықтан, пітір садақа үшін мешіт қақпаларының сыртына жәшіктер орнатылады. Сонымен бірге, әмбебап маркеттерге арнайы жәшіктер қойылады.

Жәшіктерде мешіт туралы барлық ақпараттар жазылады.
Қазіргі заманның мүмкіндігін пайдала отырып, мүфтият kaspi. кz қосымшасы арқылы, халықтың пітір садақасын өтеу мүміндігін де қарастырып жатыр.

Қосымшадағы шот туралы ақпарат алдағы уақытта арнайы жарияланатын болады» деп нақтылады Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.