Болатбек Ұласқанұлы “Traveler’s Coffee” және “Iris” тамақтану орындарына халал сертификаттарын табыстады

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Халал даму» стандарттау және сертификаттау мекемесі атынан Traveler’s Coffee және Iris тамақтану орындарына халал сертификаттарын табыстады.

Сертификаттар табыс ету рәсімі барысында бас имам мекеме ұжымына халал талаптарына сәйкес сенімді түрде қызмет көрсетуіне тілектестік білдіріп, сертификаттардың маңыздылығына тоқталды.

Бұл сертификаттар аталған тамақтану орындарының өнімдері мен қызметтерінің халал стандарттарына сәйкестігін растайды және тұтынушыларға сенімді әрі сапалы тағам жеткізуге бағытталған.