Дін мамандарына арналған 3 күндік оқыту курсы аяқталып, сертификат табысталды.
Курстың мақсаты – өңірдің қоғамдық-саяси өміріндегі дін саласы мамандарының рөлін көтеру, медиа-контент жасау және жұртшылық алдында әсерлі сөз сөйлеу мәдениетін, кәсіби құзіреттіліктер мен тәжірибелік дағдыларды дамыту, біліктілігін арттыру.
Аталған оқыту-семинарында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дінтану кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы КЕҢШІЛІК ТЫШХАНҰЛЫ, «Qalan business school» компаниясының директоры, “Agartu” академиясының спикері ТАЛДЫБАЕВ ТӨЛЕГЕН, Психологиялық көмек көрсету орталығының психологы СУЛТАНОВА ГАЙНИ, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, PR және маркетинг орталығының жетекшісі БАБАШЕВА БАКЫТГУЛ, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, журналист, Атырау телеарнасының продюсері КӘРІМЖАН ГҮЛНАЗ, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, «Ұлттық сапа» орталығының PR бөлімінің жетекшісі ӨТЕПОВА ЛӘЗЗАТ дәріс берді.
Үш күнге созылған шара барысында дін мамандары эмоционалды интеллект, адам психологиясымен жұмыс жасау, әлеуметтік желілерді стратегиялық тұрғыда кәсіби пайдалану, еліміздің діни ахуалы, зайырлылық қағидаттары, аудиториямен тығыз байланыс орнатуға байланысты түрлі теориялық және тәжірибелік сабақтар алып, кәсіби біліктіліктерін арттырды.
Курстың қорытындысына Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мусаев, Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Атырау облысы бойынша филиалының директоры Ғабдығапаров Еркебулан және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» қоғамдық қорының директоры Ербол Жаулин қатысып, дін мамандарына арнайы лицензияланған сертификаттар табыстады.
Мұндай іс-шаралар өңірдің дін саласы жұмыстарының сапасын арттыруға және діни ахуалды одан әрі нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.





