Доссор кентінің имамы Мұхамед Сапарұлы ауылдағы Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің студенттерімен кездесті.
Кездесуде имам жастармен рухани тәрбие, отбасылық құндылықтар және жат ағымдардың алдын алу тақырыптарында әңгіме өрбітті. Сондай-ақ студенттердің қойған сұрақтарына жауап беріп, пайдалы кеңестерін айтты.
Шараның мақсаты — жастар арасында имандылықты нығайту және дұрыс діни түсінік қалыптастыру болды.





