Доссорда әйел-қыздарға арналған семинар өтті

Мақат ауданы, Доссор кентіндегі «Сатан-Шәмек» мешітінде әйел-қыздар қауымына арналып «Отбасы және сыйластық» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Жиын барысында мешіт ұстазы Гүлсағат Оңласынқызы тақырып аясында кеңінен түсіндірме жасап, әйелдің отбасындағы орны мен сыйластықтың маңызына тоқталды. Сонымен қатар, мешіттің имамы Сапарұлы Мұхаммед жамағатқа насихат айтып, ислам дініндегі отбасы құндылықтары туралы ойларын ортаға салды.

Шараға қатысқан әйел-қыздар тағылымды әңгімеден әсер алып, қойылған сұрақтарына жауап алды.