Етпетінен ұйықтаудың зиянын білесіз бе?

Әр адам әртүрлі позада ұйықтайды және оны түннің ішінде бірнеше рет өзгертеді. Бірақ дененің белгілі бір позасында ұйықтағанды ұнататындар бар. Бұл жерде ішпен ұйықтаудың зиянына назар аударғым келеді.

Мұндай ұйықтауды Алла Елшісі Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) өзі жақтырмады, ішімен жатқан адамды көріп: «Құдай ішімен жатқандарға ашуланады», – деп айтқан. Пайғамбарымыздың (ﷺ) тағы бір хадисінде: «Тозақ тұрғындары осылай ұйықтайды» делінген. Бұл хадистерді Әбу Дәуіт пен Ибн Мажа келтірген.

Осыған орай, мұсылман дін ғалымдары әлемдердің Раббысының ашуы келетіндіктен әйелдердің де, еркектердің де ішімен ұйықтауын құптамады.

Тағы бір айта кететін жайт, Алла Тағаланың Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөздеріндегі, ұсынымдарындағы пайда тек мәңгілік өмір үшін ғана емес. Өміріңді сүннетке сай сүрсең, дүниеде де жақсылық табасың. Пайғамбардың (ﷺ) көптеген сөздері ғылымның дамуымен расталғаны белгілі, әлі талайын растау алда…

Пайғамбардың ﷺ ішпен ұйықтауды жақтырмағанын қазіргі дәрігерлер де растады. Иә, иә, сіз дұрыс естідіңіз! Дәрігерлер ұйқы кезінде дененің бұл позада жатуына өте қарсы. Бұл әдет жастар үшін қатты әсерін қалдырмаса да, көптеген жылдар бойы былай демалып жату денсаулыққа зиян тигізуі және қауіпті асқынулар тудыруы мүмкін.

Неліктен ішпен жатып ұйықтауға болмайды және бұл кезде ішкі органдарға не болады?

Дәрігерлер бұл сұраққа әлдеқайда бұрын жауап берді. Олардың айтуынша, бұл қалыпта ұйықтау кезінде омыртқа аймағындағы артериялардың қысылуы пайда болады, өйткені біздің басымыз бір жанға бұрылады. Нәтижесінде, қан бұл тамырлар арқылы миға түспейді. Онымен қоса, егер адам атеросклерозбен ауырса, ал екінші жағындағы артерия холестеринді түйіншектермен бітелген болса, сұр жасушалар тіптен оттегісіз қалу қаупі туылады. Бұл өте қауіпті екені анық.


Егер сіз бұл аурумен ауырмаймын десеңіз, онда дәрігерлердің тағы бір айтары бар – сіз бір күні қартаясыз және ол кезде қай аурудың шығары белгісіз. Сондықтан, өзіңізді бұл қалыпқа үйретпеңіз, тыйылу қиын болады.

Сонымен қатар, бұл позада ұйықтау барысында кеуде қуысы қысылады, сондықтан жүрек пен өкпе толық жұмыс істей алмайды. Тыныс алу қиындап, бүкіл денеге оттегі жетіспейді және түнгі ұйқыдан кейін адам шаршағандай және демалмағандай сезінеді. Мұндай ұйқыдан кейін күш-қуатты қалпына келтіру қиын. Ішпен жатып, ұзақ ұйықтаған кезде  тамырлардың қысылуына байланысты жүрекке қанды айдау үшін екі есе күшпен жиырылуы керек. Бұл қысымның жоғарылауын, жүрек соғу жиілігін арттырады, бұл тұрақты гипертония мен аритмияға әкеледі.
Әйелде сүт бездері және кеуде қуысының өз денесінің салмағымен қысылуы созылу белгілерінің пайда болуына, сүт безінің қатерлі ісігіне және оның салбырауына әкеледі.

Бұл позадан іш қуысы да зардап шегеді. Онда орналасқан органдар өз функцияларын толықтай дұрыс орындай алмайды. Өт жолдарында өт іркілуі мүмкін, бауыр мен ұйқы безінің жұмысында қиындықтар пайда болуы мүмкін. Ерлі-зайыптылардың интимді салада да қиындықтар пайда болуы мүмкін, егер біреуі осы кейіпте ұйықтайтын болса.

Офтальмологтардың айтуынша, бетін жастыққа қойып ұйықтауды ұнататындардың көзішілік қысымы жоғарылайды, бұл глаукоманың дамуына соқтырады.

Міне, неге ішпен жатып ұйықтауға болмайды.

Әрине, әрбір ережеден тыс жағдайлар болады. Мысалы, егер адам ішпен жатудан басқа күйде ұйықтауға мүмкіндік бермейтін қандай да бір аурумен ауырса, онда ол басқа не істей алады?

Сондай-ақ, иығыңыздағы шаршаудан, арқаның ұйып қалуынан және т.б. арылу үшін біраз уақыт ішіңізде жатуға болады. Бірақ бұл қалыпта ұйықтауға кеңес берілмейді.
Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өсиеттерін орындау қажеттілігіне тағы да назар аудартқымыз келеді. Өйткені, оны Жаратқан Ие бүкіл адамзатқа бір ғана мақсатпен – бізге пайда әкелу үшін жіберген.

Ержан Қуанышұлы,

Атырау қаласы «Сұлтан Бейбарыс» мешітінің имамы.