«Ихсан» мешітінде рухани отырыс өтті

Атырау қаласындағы «Ихсан» мешітінде рухани отырыс ұйымдастырылды. Шара аясында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфтидің бұйрығымен Нұрсұлтан Құспан «Ихсан» мешітіне қызметкер ретінде таныстырылды.

Отырыста жамағат «Мұхтасар әл-Қудури» кітабының неке бөлімі бойынша дәрісті аяқтап, қорытынды емтихан тапсырды. Нәтижесінде 1, 2, 3 орын алған жамағатқа сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.

Сонымен қатар «Бақтыгерей молла» мешітінің ұстазы Бейбітбек Тілепбергенұлы уағыз-насихат айтып, жамағатты ізгілікке шақырды.