Атырауда ұстаз Нұрсұлтан Рысмағанбетпен кездесуге 5000-ға жуық жамағат келді (+ФОТО, + ВИДЕО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Нұр-Мүбарак мешітінің ұстазы, елімізге белгілі исламтанушы Нұрсұлтан Рысмағанбет Атырау облысына бір күндік іс-сапармен келді.

Сапар барысында Атырау қаласындағы бірнеше мешітте жамағатпен кездесіп, қоғамға пайдалы болу, білім алу, іздену, Пайғамбар (с.ғ.с) өмірінен өнеге тақырыптарында насихат айтып, жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

https://youtu.be/ghuNUqt1Am0?si=iBuLNdMnXtW7Woab

Мәселен, Атырау облыстық «Иманғали» мешітінде жамағатпен кездесуде ұстаз Нұрсұлтан Рысмағанбет
«Қоғамға пайдалы болу» тақырыбында насихат айтты.

«Шынайы мұсылман өзі өмір сүріп жатқан ортасына әрдайым пайдалы болуға тырысады. Қоғамда ынтымақ, бірлікті күшейтуге үлес қосады. Мысалы, қарызға, шығынға батып, тығырыққа тірелгенге, жақын-жуығына көмектеседі. Көршісімен жақсы мәміледе болып, көмек керек болса қол ұшын береді, қиыншылыққа тап болса, жәрдемдесіп тұрады. Асыл дініміз ынтымақ-бір- лігі жарасқан имани қоғам құруға шақырады. Адамдарды бір-біріне жәрдемдесуге үндейді. Алла Тағала
«Бір-біріңе жақсылық пен тақуалықта жәрдем беріңдер!» деген. Халқымыздың «Бірлігі жарасқан ел озады» деген керемет сөзі де бар» деп атап өтті ұстаз Нұрсұлтан Рысмағанбет.

Сондай ақ, исламтанушы ғалым, ұстаз Нұрсұлтан Рысмағанбет Атырау қаласындағы «Ихсан» , «Ықылас» мешіттерінде жамағаттармен кездесті.

Ал, қала маңындағы Дамбы ауылында орналасқан «Бақтыгерей молла» мешітінде шәкірттермен жүздесіп, насихат айтты.

Ұстаздың Атырау облысына бір күндік жұмыс сапары «Иманғали» орталық мешіті жанындағы «Amin.kz» медиастудиясында және «Azan» радиосына сұхбат берумен қорытындыланды.

Сұхбат барысында ұстаз Нұрсұлтан Рысмағанбет жастарды жаңаны игеруге, білім алуға шақырып, ғылымды игерудің құндылықтары туралы насихат айтты.

«Адам баласының қоғамдық ортадағы дәрежесі білім деңгейіне қарай анықталады. Құран Кәрімнің алғашқы аяты да «Оқы», «Жаратқан Раббыңның атымен оқы!». деп бұйыру арқылы басталуының артында үлкен мән жатыр.

Әрісі «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әл-Фараби, медицина атасы Ибн Сина, берісі Абай Құнбанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердиев, алаш ардақтылары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов – барлығы ғылым, білімді дәріптеген. Яғни, кезінде Еуропаға өркениетті апарған ислам діні – ғылым, білімді әркез насихат еткен» деді ұстаз Нұрсұлтан Рысмағанбет.

Рухани ұстазбен кездесуге келген атыраулық жамағат саны – 5000-ға жуықтады.