Иманғали мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды

Қасиетті жұма күні Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы облыстық Иманғали орталық мешітінің жаңа наиб имамы Сарсекеев Ажок Саясатұлы екенін жамағатқа таныстырды. Бас мүфтидің арнайы бұйрығы негізінде қызметке тағайындалған жас имам туралы өмірбаяны да жамағатқа таныстырылды.

Ажок Саясатұлы Сарсекеев 1983 жылы 31 қазанда Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қаратон ауылында дүниеге келген.

  • 1990–2001 жылдары №22 орта мектепте білім алды.
  • 2001–2003 жылдары әскер қатарында борышын өтеді.
  • 2003–2009 жылдары түрлі компанияларда еңбек етті.
  • 2010–2013 жылдары «Ақтөбе медресесінде» оқыды.
  • 2013–2016 жылдары Нұр-Мүбарак университетінде «Исламтанушы» мамандығын тәмамдады.
  • 2016–2021 жылдары Жылыой ауданы, Жаңа-Қаратон кентіндегі «Нұрқас-Сатыбалды» мешітінде имам болды.
  • 2021–2022 жылдары Жылыой ауданының «Жылыой Мұсылмандары» мешітінде наиб имам қызметін атқарды.
  • 2022–2025 жылдары Атырау қаласына қарасты Еркінқала ауылдық округіндегі «Қайтпай Сұлтан» мешітінде имам болды.
  • 2024 жылдың 10 мамыры мен 10 маусымы аралығында Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінде «Исламдық бағыттағы деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушыларды оңалту» саласы бойынша біліктілігін арттырды.

Облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жаңа қызметке кіріскен Ажок Саясатұлын жамағатқа таныстырып: «Жоғары білімді, араб және орыс тілдерін меңгерген, тәжірибелі маманның Иманғали мешітіндегі қызметі жемісті болсын» – деп тілегін жеткізді.

Жамағат жас имамға ақ батасын беріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.