ИМАНҒАЛИ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ ҚАЖЫЛЫҚҚА ДАЙЫНДЫҚ ДӘРІСІ ӨТТІ

«Иманғали» орталық мешітінде үлкен қажылыққа дайындыққа арналған арнайы дәріс ұйымдастырылды.

Аталған дәрісті ҚМДБ Қажылық істері бойынша өңірдегі жауапты имам Наркес Бағытжанұлы жүргізді. Дәріс барысында қасиетті қажылық сапарына қатысты негізгі талаптар мен рәсімдер кеңінен түсіндірілді.

Атап айтқанда, қажылықтың парыздары мен уәжіптері, ихрамға кіру тәртібі, қажылық амалдарын дұрыс әрі жүйелі орындау жолдары жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар, қасиетті сапарға рухани және физикалық тұрғыдан дайындалудың маңыздылығы айтылды.

Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, қажылыққа ниеттенген азаматтарға пайдалы ақпараттар ұсынылды.

Мешіт ұжымы алдағы уақытта да осындай танымдық, рухани бағыттағы іс-шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.