ИМАНҒАЛИ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНЕ —25 ЖЫЛ

Биыл Атырау өңірінің руханият ордасына айналған Иманғали орталық мешітінің ашылғанына ширек ғасыр — 25 жыл толып отыр. Бұл — бір мешіттің ғана емес, тұтас аймақтың рухани серпілісінің, имандылыққа бет бұруының жарқын көрінісі.

2000 жылы ел игілігіне берілген Иманғали мешіті сол күннен бастап тек құлшылық мекені емес, білім мен тәрбие, ізгілік пен ынтымақтың ордасына айналды. Осы жылдар ішінде бұл мешіттен елге белгілі ұстаздар, қари-хафиздар мен діни ғалымдар еңбек етіп, мыңдаған жамағатқа имандылықтың сәулесін шашты. Олардың дін жолындағы қызметі, ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі ұмытылмас рухани мұра ретінде бағаланады.

25 жыл ішінде Иманғали мешіті — ұрпақ тәрбиесіне, отбасылық құндылықтарға, қоғамның рухани қауіпсіздігіне үлес қосып келе жатқан шырақты орталыққа айналды. Бұл — мешіт қызметкерлері мен жамағаттың ауызбіршілігі мен ықыласының жемісі.

Имандылықтың іргесі бекіп, руханияттың туы желбірей берсін!

Иманғали мешітіне — береке, жамағатқа — амандық, елге — тыныштық тілейміз.