Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Индер ауданының бас имамы Ералы Қамзағалиев мерекелік медальмен марапатталды.
«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалін Ералы Қамзағалиевқа Индер ауданының әкімі Салауат Өтеғұлов салтананатты жағдайда табыс етті.
«Тәуелсіздік – бір мақсат, бір мүддеге тоғысқан, ортақ тарих біріктірген тұтас халқымыздың мерекесі. Тәуелсіздік тарихында еліміздің ертеңі жолында еңбек сіңірген әр азаматтың қолтаңбасы жатыр. Ералы Қамзағалиев ағамыз халқымыздың рухани дамуына үлес қосқан бірегей азамат» деді Индер ауданының әкімі Салауат Өтеғұлов.