Атырау облысы, Индер ауданында қасиетті Ораза айт мерекесі қарсаңында «Асыл аналар» клубының тұсаукесер рәсімі өтті.
Игі шара барысында ауданның бас имамы Ералы Жұбанұлы жиналған аналарға насихат айтып, отбасы тәрбиесі мен ананың қоғамдағы орны туралы ой қозғады.
Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының жауапты өкілі Назгүл Данаева сөз сөйлеп, жаңа құрылған клубтың жұмысына сәттілік тілеп, қатысушыларды айт мерекесімен құттықтады.
Шара соңында жиналған аналар ізгі тілектерін білдіріп, рухани бастаманың маңыздылығын атап өтті.




