Индерде дін мен дәстүр аясында ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті

Индер ауданында «Дін мен дәстүр» аясында ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Жарысқа жастар мен жамағат белсене қатысып, өз күштері мен ептіліктерін сынға салды.

Садақ ату сайысы бойынша жеңімпаздар:
🥇 1-орын – Адаев Сейілжан
🥈 2-орын – Төлешов Жасұлан
🥉 3-орын – Сарбалиев Абылай

Асық ату сайысы бойынша:
🥇 1-орын – Салихов Азамат
🥈 2-орын – Бисешов Ержан
🥉 3-орын – Серікбай Әли

Арқан тарту сайысы нәтижесі:
🥇 1-орын – Өрлік ауылы командасы
🥈 2-орын – «1992» командасы
🥉 3-орын – «1987» командасы

Күш сынасу жарысы бойынша:
🥇 1-орын – Бахтияров Айболат (Елтай ауылы)
🥈 2-орын – Аққожа Абыл (Өрлік ауылы)
🥉 3-орын – Рахымғали Ертілеу

Шараның мақсаты – жастарды ұлттық құндылықтарға баулу, дәстүрлі ойындар арқылы ынтымақ пен рухты нығайту болды. Ауданның бас имамы Ералы Жұбанұлы қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстады