Мақат ауданы Құрбан айт мерекесін атап өтті

Мақат ауданының орталық мешітінде Құрбан айт мерекесіне орай шара өтті.

Ұлттық ойын түрлерінен жарыстар өтіп, жамағат қазақша күрес, арқан тартыс, қол күрес, гір тасын көтеру сынды ойын түрлерінен жарысып, күш сынасты.

Барлық қатысушыларды Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов құттықтады.