Атырауда орталық мешітте ұлттық ойындардан жарыс өтті

Атырауда Ораза Айт мерекесі бұқаралық сипатта атап өтіліп жатыр.

Атырау облыстық орталық мешітінде жергілікті жамағат арасында ұлттық спорттық ойын түрлерінен жарыстар өтті.

Арқан тартысу, гір тасын көтеру, қой көтеру сынды бірқатар ойын түрлері бойынша бақ сынасқан қатысушылар арасында мықтылар анықталды.

Қатысушылар арасында гір тасын көтеруден 1 орын Досқали Досқалиевке, 2 орын Абзал Борисұлына, 3 орын Есболсын Жандарбекке бұйырды.

Қазақ күресі бойынша Ринат Лукпанов топ жарды. 2 орын Арман Иргалиев, 3 орын Берекет Бағытжановқа бұйырды.

Қой көтеруден Алпамыс Айтмұханов 1 орынды қанжығалап қойды . Жеңімпаздарға қаржылай жүлделер табысталды