Атырауда орталық мешіт 654 балаға айттық таратты ( + ФОТО)

Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде 654 балаға сыйлық таратылды.

Айттықтарды балаларға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы, «Иман жастары» еріктілері үлестірді.

«Халқымызда «Берсең, балаға бер» деген керемет сөз бар. Ораза Айт – сыйлық алатын, сыйға бөленетін керемет мереке. Барша мұсылман қауымы асыға күтетін мерекеде балаларымызға да ерекше көңіл бөлу маңызды» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.