Атырауда Құспан молла мешітінде балаларға сыйлық таратылды

Атырауда Рамазан айының құрметіне орай, қалалық Құспан молла мешітінде 50 балаға сыйлық берілді.

Сыйлықтарды қалалық мешіттің бас имамы Эммат Ғұмаров тапсырып, бүлдіршіндерді Рамазан айының басталуымен әрі көрісу күнімен құттықтады.

«Рамазан – жылулықтың, мейірімділіктің айы. Бұл айда жақсы амалдар жасауға көбірек тырысуымыз керек. Халқымызда «Берсең, балаға бер» деген тамаша сөз бар. Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау арқылы, қасиетті мерекенің шуағын сезіндіргіміз келді» дейді Атырау қалалық мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров.