Атырау қалалық Құспан молла мешітінде шәкірттер Құранға түсті.
Сауат ашу орталығында білім алып жатқан шәкірттерді Атырау қаласының бас имамы Эммат Ғұмаров құттықтады.
«Мешітте өтетін сауат ашу курсына үнемі жауапкершілікпен қарап, ынталы ниеті мен әрекетінің нәтижесінде шәкірттер Құран оқудың ережелерін игеріп, қасиетті кітапты тиісті деңгейде оқуды үйренді.
Алланың кәләмін үйреніп және өзгелерге үйретушілер туралы ардақты Пайғамбарымыз ﷺ : «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің», – деп өсиет қалдырған» деп атап өтті Атырау қалалық Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров.