Атырау қаласындағы «Ықылас» мешітінің 3 жылдығына орай мешіт ауласында ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.
Рухани-спорттық шара барысында қазақ күресі, қол күресі, гір тасын көтеру, арқан тартыс және қой көтеру секілді ұлттық ойындар бойынша сайыстар өтті. Жарысқа өңір мешіттерінің жамағаттары қатысып, өзара бақ сынады.
Шараға Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы мен Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы, РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы қатысып, ұлттық спорттың жастар тәрбиесіндегі маңызына тоқталып, қатысушыларға игі тілектерін білдірді. Сонымен қатар жеңімпаздарды арнайы диплом және медальдармен марапаттады.
Қазақ күресінен:
І орын, «Түйе палуан» – Амангелдіұлы Салауат (Алмалы мешіті);
ІІ орын – Чапаев Аслан («Ихсан» мешіті);
ІІІ орын – Бисен Жігер («Медет» мешіті).
Қол күресінен:
І орын – Қабибуллин Санжар («Ар-Рахман» мешіті);
ІІ орын – Елубаев Шыңғыс («Қайтпай Сұлтан» мешіті);
ІІІ орын – Жолдасбаев Темірлан («Ар-Рахман» мешіті).
24 келілік гір тасын көтеруден:
І орын – Тұрлан Алмат («Құспан молла» мешіті);
ІІ орын – Турсинов Болат («Мәулімберген» мешіті);
ІІІ орын – Айтқужин Әділбек («Парасат» мешіті).
Арқан тартыс жарысында:
І орын – Жылыой мешіті;
ІІ орын – «Ықылас» мешіті;
ІІІ орын – «Мәулімберген» мешіті иеленді.
Ал қой көтеру сайысында Жұмағалиев Талғат («Құлсары» мешіті) жеңімпаз атанды.
Шара соңында қатысушыларға құрмет көрсетіліп, жеңімпаздар марапатталды.










