Атырау облысы, Мақат ауданында орналасқан «Мақат мұсылмандары» мешітінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Қасиетті ғибадат үйінің басты сәулеттік нышаны саналатын диаметрі 30 метрлік күмбезі жаңартылып, мешіттің жалпы сыртқы келбеті қалпына келтірілуде.
Жөндеу жұмыстары аясында күмбезге заманауи әрі төзімді материалдар қолданылып, ғимараттың сәні мен беріктігі артпақ. Сондай-ақ, мешіттің ішкі-жабдықтау жұмыстары да кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.
Жергілікті жамағат пен демеушілердің қолдауымен жүзеге асып жатқан бұл игі іс аудан тұрғындарының қуанышын арттырып отыр. Жөндеуден өткен мешіт алдағы уақытта халыққа бұрынғыдан да қолайлы жағдай жасап, рухани орталық ретіндегі қызметін жалғастыра бермек.



