«Ауызашар қоржындары» орталық мешітте күнделікті таратылуда. Және әр күн сайын түрлі категорияларды қамтамасыз етуге тырысудамыз» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.
Мәселен, ауызашар қоржындары бұған дейін мешіт жамағатына, ақсақалдарға, аналарға, дәрігер мамандарға таратылып келді.
«Өмірдің өзі сынақтан тұрады. Бұл пандемия жағдайында қарсы алып, шығарып салғалы отырған екінші Рамазан айымыз. Халықтың саулығын сақтау мақсатында мүфтият тапсырмасымен биыл да ауызашарлар қашықтықтан ұйымдастырылды» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.