Атырау: облыс мешіттерінде 700 балаға тәттілер таратылды (+ ФОТО)

Атырау облысы мешіттерінде бір күнде 700 сәбиге тәттілер үлестірілді.

Оның ішінде, бір ғана орталық «Иманғали» мешітінде 300 балаға сыйлық жасалды.

«Қасиетті Рамазанды балаларға сезіндіру және Қадір түнінің қасиеттерін ұғындыру мақсатында жас буынға осындай сый жасауды ұйғардық. Қазақта «Бар жақсымыз, балаларға!», «Берсең, балаға бер!» деген сияқты керемет сөздер бар.

Балаларымыз Рамазанның рақымшылыққа, жақсылыққа, қуанышқа толы мерекелі де берекелі ай екенін білуі қажет» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Бүлдіршіндерге сыйлықтарды «Иман жастары» еріктілері ойын алаңдарын аралап, ашық аспан астында үлестіріп шықты.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.