Мақатта 14 отбасыға ет түрінде көмек көрсетілді

Мақат аудандық мешітінде аудан имамдары мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен 14 отбасыға ет түрінде көмек көрсетілді.

Игі шара аясында тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетіліп, мешіт ұжымы тарапынан қайырымдылықтың маңыздылығы айтылды.

Ауданның бас имамы Біләл Сүннетқожаұлы жамағатқа насихат айтып, жақсылық жасау мен мұқтаж жандарға жәрдемдесудің исламдағы орны жайлы баяндады.

Бұл шараның мақсаты – қоғамда мейірімділік пен бір-біріне қамқор болу құндылығын арттыру.