Сталкинг (біреуді аңду, мазасын алу, қудалау) – шариғатта айыпталатын іс. Осы тақырып аясында Біләл Сүннетқожаұлы, Мақат ауданының бас имамы, баяндама жасады. Іс-шара Мақат аудандық мәдениет үйі ғимаратында өтті.
Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұстанымы аясында адам құқығын, ар-намысы мен жеке өмірін қорғаудың маңыздылығы айтылды. Жиынға зиялы қауым өкілдері, ұстаздар, мектеп оқушылары, ақсақалдар кеңесінің төрағасы, аналар және әжелер кеңестерінің төрайымдары, сондай-ақ полиция қызметкерлері қатысты.










