Мәулімберген мешітінде «Дұға – мұсылманның қорғаны» атты дұға жаттау сайысы өтті

Мәулімберген мешітінде жасөспірім қыздар арасында «Дұға – мұсылманның қорғаны» атты сайыс ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – жастардың діни білімін арттыру, дұғаларды жаттау арқылы рухани дамуына үлес қосу және мешітке деген қызығушылығын ояту болды.

Сайысқа қала мешіттерінен бірнеше қатысушы қатысты. Олар жаттаған дұғаларын мәнерлеп, мағынасын түсіндіре отырып оқыды. Қазылар алқасы қатысушылардың жаттау деңгейін, оқу мәнерін және түсіндіру қабілетін ескере отырып, жеңімпаздарды анықтады.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1️⃣ І орын – Мәулімберген мешіті
2️⃣ ІІ орын – Бақтыгерей молла мешіті
3️⃣ ІІІ орын – Сұлтан Бейбарыс мешіті
4️⃣ Алғыс хат – Орталық Иманғали мешіті
5️⃣ Алғыс хат – Қ.Мұңайтпасов мешіті

Шара соңында барлық қатысушыларға марапаттар мен сыйлықтар табысталып, дін жолындағы ізденістері үшін алғыс білдірілді.