Мәулімберген мешітінде қарттарға құрмет көрсетілді

Қарттар күніне орай Мәулімберген мешітінде тағылымды шара өтті. Оған Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы арнайы қатысып, жиналған ақсақалдарды мерекемен құттықтады.

Бас имам өз құттықтауында: «Қарттарымыз – береке-бірліктің, имандылық пен ізгіліктің алтын қазынасы. Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз жастарға әрдайым үлгі болуы тиіс», – деп атап өтті.

Жиын барысында өңірдің бас имамы жаңа тағайындалған Мәулімберген мешітінің имамы Наркес Бохановты жамағатқа таныстырды. Сонымен қатар, осы мешітте бірнеше жыл абыройлы қызмет атқарған Мақсот Бағытжановқа алғыс білдіріп, еңбегін ерекше атап өтті.

Шара соңында қарияларға құрмет көрсетіліп, дұға жасалды.