МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРІ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА БАС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы мен облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай облыстық көркем сөз оқу байқауы өтті.

Аталған байқауда Иманғали орталық мешітінің баспасөз қызметкері, «Мұнара» телеарнасының өңірдегі тілшісі Нұркен Мағриденұлы жоғары шеберлігімен ерекшеленіп, бас жүлдені жеңіп алды.

Байқаудың мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың мол әдеби мұрасын насихаттау, жастар арасында көркем сөз оқу мәдениетін дамыту және ұлттық рухты нығайту.