Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы мұнайлы өңірде салынып жатқан тұңғыш интелектуалды медресенің құрылысымен танысты.
Ұстаз өңір тұрғындарын медресе құрылысына атсалысуға шақырды.
«Атырау қаласында имамдардың, қолдаушылардың бастамасымен басталған игі іске баршамыз ат салысайық. Бұл жерде Алланың Қасиетті кәләмын, Алла елшісінің (с.ғ.с) хадистерін, асыл дініміздің құндылықтары насихатталатын болады. Медреседе шәкірттер діни және заманауи да білім алады. Бұл – жас ұрпақ тәрбиесінде маңызды орын алатын мектеп болмақ» деп атап өтті ұстаз Сансызбай Құрбанұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.