Наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы жастармен кездесті

Наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы Атырау облысына жұмыс сапары аясында орталық «Иманғали» мешітінде жастармен кездесті.

Білім алу, елге қызмет ету, жастық шақты мағыналы өткізу, мүмкіндіктерді пайдалана білу, жүректі тазалау тақырыптарында уағыз айтқан ұстаз Сансызбай Құрбанұлы жастар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

«Жастық шақ – адамның бойында қуаты тасыған ең керемет кезең. Адам бойындағы қуатын жақсы істерге жұмсауы керек. Жастық шақты тиімді пайдалану қажет. Ол дегеніңіз – білім алу, іздену, бәсекеге қабілетті болу. Отанға қызмет ету» деді ұстаз Сансызбай Құрбанұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.