Сұрақ: Намазда қандай киім кию керек? Үйде пижамамен намаз оқуға болады ма?
Жауап: Намазды жұмыс киімімен, үлкен адамдардың алдына шыға алмайтын киіммен, жаман иісті киім және жаман иісті шұлықпен оқу мәкрух болып табылады. Басқа киімі жоқ болса мәкрух болмайды. Ақшасы бар болса, сатып алуы қажет.
Маңызды адамдардың алдына шығатын адамның әдемі, таза киім киюі керек. Алла Та’аланың алдында тұрған кезде де бұған қатты мән беру керек, үлкендердің алдына шыға алмайтын киіммен намаз оқымау керек! Құран кәрімде «Барлық намазды оқитын кезде сәнді (таза, ең жақсы, әдемі) киімдеріңді киіңдер» делінген. (Араф 31)
Бір хадис шәрифте де былай делінген:
«Намаз оқитын кезде ең жақсы киімдеріңді киіңдер. Алла Та’ала әшекейленуге, сәнденуге бәрінен де лайықты». (Бәйһақи)