Мүфтият қызметкерлері ел амандығы үшін Құран хатым дұғасын жасады

amin.kz/21 наурыз, 2020 жыл. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері Құран хатым етіп, дұғасын жасады.

Хатым батасын берген Бас мүфти: «Уа, Алла Тағала! Науқасқа душар болған пенделеріңе шипаңды бергейсің. Жолаушылардың сапарын оңғара гөр. Өзіңнен жәрдем сұраған құлдарыңның дұғасын қабыл еткейсің.

Науқас жандарға қасиетті Құранды шипа етіп, қайғыдан сейілтіп, қуанышын арттыра гөр. Уа, Алла Тағала! Еліміз бен жерімізді түрлі табиғи апат пен жұқпалы індеттен сақтап, мешіттерімізді жамағатқа толтырғайсың, жұртымызға жар болғайсың» деді.