Қасиетті Ораза Айт мерекесін Атыраудағы «Мәулімберген» мешіті жоғары деңгейде атап өтті.
Мереке құрметіне 300 бүлдіршінге тәттілер таратылды. Ақсақалдарға құрмет көрсетіліп, дастархан жайылды. Ауыл жастарының ұйытқы болуымен, ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды.
«Ораза Айттың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына ауыл жастары атсалысты. Бұқаралық сипатта өткен шараларға жергілікті тұрғындар, балалар да белсене қатысты.
Ораза Айт адамдардың жан дүниесін, сана-сезімін, көңілін қуанышқа бөлейтін, кірбіңнен тазалайтын ұлық мереке . Арада қаншама ғасыр өтсе де, бұл ұлық мейрамның мән-маңызы кемімей, керісінше жыл өткен сайын артып келеді. Бұл мейрамның әдеттегілерден негізгі еркшеліктері – адамдарды бауырмалдылыққа, кішіпейілділікке, кешірімділікке, сүйіспеншілікке шақырады» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.