Ораза Айт: Мақат аудандық орталық мешітіндегі шаралар 1400 адамды қамтыды (+ФОТО)

Ораза Айт мерекесін Мақат аудандық орталық мешіті жоғары деңгейде атап өтті.

Жергілікті уақытпен таңғы сағат 7.00-де оқылған Айт намазына 600 адам қатысты.

Кейін 400 адамға айт дастарханы жайылды. Ауыл ақсақалдары, зиялы қауым өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысқан іс-шарада Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов уағыз-насихат айтып, жергілікті жұртшылықты бірлікте, ынтымақта болуға шақырды.

Ораза Айт құрметіне өткен іс – шаралар легі ұлттық ойындар бойынша жарыстармен жалғасты. Кір тасын көтеру, қазақша күрес, арқан тартыс сынды байрақты бәсекелерде сынға түсіп, үздік нәтиже көрсеткендер дипломдармен, медальдармен марапатталды.

Айт құрметіне 500 балаға сыйлық үлестірілді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.