Атырауда орталық «Иманғали» мешіті 400 балаға айттық таратты (+ ФОТО)

Атырауда айт құрметіне орталық «Иманғали» мешіті 400 балаға сыйлық таратты.

Тәттілер толтырылған сыйлықтарды Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастап, мешіт қызметкерлері, еріктілер бүлдіршіндерге үлестірді.

«Айт – қуаныш. Айт – рухани мәні зор мереке. Біз осынау мерекеде балаларға қуаныш сыйлауды мақсат еттік» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.