АТЫРАУДА ҚҰРБАН АЙ ҚАРСАҢЫНДА 15 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛАҒА АЙТТЫҚ ТӘТТІЛЕР ТАРАТЫЛДЫ

Құрбан айт мерекесі қарсаңында Атырау облысындағы мешіттерде кең көлемді қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Айт мейрамының қуанышын балалармен бөлісу мақсатында өңір мешіттері тарапынан он бес мыңға жуық балаға айттық тәттілер мен сыйлықтар таратылды.

Мерекелік шаралар барысында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, ұлттық және рухани құндылықтарды насихаттауға баса мән берілді.

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы барша бүлдіршіндерді Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

– Құрбан айт – мейірім мен жанашырлықтың, бауырмалдықтың мерекесі. Балалардың жүзіндегі қуаныш – біз үшін үлкен бақыт. Әр шаңыраққа береке, амандық тілеймін. Айт мерекесі құтты болсын, – деді бас имам.

Сондай-ақ мешіттерде айт күндері қайырымдылық дастархандары жайылып, мұқтаж отбасыларға көмек көрсету шаралары жалғасуда.